Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазгидромет: 13 тамыз күнгі ауа райы болжамы

2020 жылдың 13 тамыз 2020 06:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 13 тамызда ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бейсенбіде, солтүстік шығыста күн күркіреп, найзағай ойнайды, сонымен бірге нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түсуі ықтимал. Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік батыста шаңды дауыл тұрады, солтүстік батыста – тұман.

Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, дауыл, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, бұршақ жаууы мүмкін.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, Атырау облысының күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл, күндіз Алматы, түнде және таңертең Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы - 15-20 м/с.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай