Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазгидромет: 10 тамыз күнгі ауа райы болжамы

2020 жылдың 10 тамыз 2020 06:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы 10 тамыз күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Оңтүстік циклон Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының құбылмалы болуына ықпал етеді. Осыған қарай, республиканың кей жерлерінде найзағай мен жаңбыр, солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы да мүмкін. Сондай-ақ республиканың бірқатар бөлігінде жел күшейіп, оңтүстікте және батыста шаңды дауыл тұрады. Солтүстікте, солтүстік-батыста – тұман.

Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, екпіні 23 метр, бұршақ жаууы да мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түседі.

Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Атырау, Манғыстау, Батыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда облысында күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Республиканың кей жерлерінде желдің екпіні 25 метр болады, шаңды дауыл тұрады.

Ақтобе облысының бірқатар аумағында найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз желдің екпіні 23 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Бұршақ жауып, түнде және таңертең кей жерлеріне тұман түседі.

Күндіз Алматы облысында аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Ақтобе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.


Басты сөздер: Қоғам, Ауа райы,
Жоғары қарай