Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

2021 жылдың 22 сәуір 2021 18:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Асқар Маратұлы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А.Маратұлы 1976 жылы туған. Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «көліктегі экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, сондай-ақ Л. Гончаров атындағы Қазақ жол-көлік университетінде оқып, «автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы инженері» мамандығын алды.

Еңбек жолын 1998 жылы бастады.

1998-2002 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде түрлі қызметтер атқарды. «Қазавтожол» РМК-ның Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстық филиалдарында жұмыс істеді.

2007-2012 жылдары – Астана қалалық Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде сарапшы, Жамбыл облыстық Қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары.

2012-2015 жылдары – Ақмола облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2015-2017 жылдары – Зеренді ауданының әкімі.

2017-2019 жылдары – Ақмола облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2019 жылдың 3 сәуірінен бері Ақмола облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.


Перевод Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Тағайындау,
Жоғары қарай