Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚазАвтожол көлік жүргізушілерге ескерту жасады

2020 жылдың 25 қаңтар 2020 12:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты 1755 шақырымды құрайтын 17 учаскеде жол қозғасына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚазАвтожолға cілтеме жасап хабарлайды.

«Жол қозғалысы 6 облыста жабық. Оның ішінде ең көп жабылған жол учаскелер Ақмола облысына қарасты. Жол қозғалысы шектеу қойылған ең ұзын учаске Екатеринбург-Алматы тас жолы. Республика бойынша жолда 780 техника жұмыс жасауда», - делінген хабарламада.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуларыңызға болады. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.

Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді.

Айта кетсек, бұған дейін де ауа райына байланысты тас жолдардың жабылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай