Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚазАТУ-да танымал қазақстандық суретшілердің сурет галереясы ашылды

2020 жылдың 31 қазан 2020 12:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде танымал қазақстандық суретшілердің сурет галереясының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоғары оқу орнының өнер және шығармашылық факультетінің деканы, ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор Бекболат Байсағатов Жеке коллекциясынан 20-дан астам картинаны университетке сыйға тартты.







ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев ҚазАТУ-дың Өнер және шығармашылық факультетінде сурет галереясын салтанатты түрде ашып, қызыл лентаны қиды.

Галереяда классикалық және қазіргі заманғы өнердің суреттері қойылған, олар болашақта толықтырылатын болады.

«Бекболат Байсағатовтан 2000 жылдары өнердің қалай дамығанын көрсететін керемет коллекция жиналды. Олар: Асқар Сәрсенбеков, Сенбіғали Смағұлов, Алпысбай Қазғұлов, Мәжит Байтеновтің жұмыстары. Мұнда барлық картина реализм стилінде емес. Абстрактілі, стильдік жұмыстар бар, олар да қызықты. Мені символмен бейнеленген философиялық шығармалар қызықтырады. Бұл - Сенбіғали Смағұловтың еңбегі, онда рулық белгілер бар. Мұнда қойылған кез келген суретші туралы ұзақ айтуға болады, олардың бәрі назар аударуға лайық», - деді өнертанушы Н.В. Шиврина.




Ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласының Суретшілер одағының төрағасы Өмірәлі Исмаилов, суретшілер Камиль Муллашев, Шархан Қазығұлов, Сенбіғали Смағұлов, Асқар Сәрсенбеков, Бақытжан Әріпов, Гүлмира Телғозиева, өнертанушы Н.В. Шиврина, факультет декандары, оқытушылар және т. б. қатысты.

Сондай-ақ қонақтарға университеттің «Шабыт» халық аспаптар оркестрі мен вокалистері өнер көрсетті.























Басты сөздер: ЖОО-лар, Өнер, Мәдениет,
Жоғары қарай