Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазанның алғашқы жексенбісі – Мұғалімдер күні

2019 жылдың 6 қазан 2019 08:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазан айының алғашқы жексенбісінде Қазақстанда мұғалімдер күні аталып өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұғалімдер күні - білім саласындағы қызметкерлердің кәсіби мейрамы. Бұл күн 1965 жылы 29 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының Бұйрығымен қазанның алғашқы жексенбісіне белгіленген.

Қазіргі уақытта Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Латвия және Украина Мұғалімдер күнін қазанның алғашқы жексенбісінде тойлайды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстанда 289 851 мұғалім жұмыс істейді. Оның ішінде жекеменшік мектептерде - 3303, арнайы жалпы білім беретін мектептерде – 3014 және қалғаны мемлекеттік мектептерде білім береді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желі арқылы барлық мұғалімдерді кәсіби мерекемен құттықтады.

«Ұстаздар - балаларға білім беріп, ұрпағымызды отаншылдық рухында тәрбиелейтін керемет жандар. Еліміздің лайықты азаматтары - мұғалімдерге әрқашан қолдау көрсетеміз», - деді ҚР Президенті.

3 қазанда «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Онда 64 мұғалімге бір миллион теңгеден сыйақы берілді.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Білім, Қоғам,
Жоғары қарай