Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш қыз Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толды

2022 жылдың 15 мамыр 2022 11:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш қыз, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хиуаз Доспанова Атырау облысында туған. 1940 жылы Оралдағы №1 орта мектебін үздік бітірген. Ұшқыштық өмір жолын Орал аэроклубында бастап, кейін соғысқа аттанады. Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған.

Хиуаз қызмет еткен полк Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Беларусь, Польша, Германия аспанындағы шайқастарға қатысқан. Қазақ қызы қан майданда 300-ден аса жауынгерлік операция орындап, аса маңызды жау шебін талқандайды. Соғыста әскери ұшақпен аспан төрінде ерлігімен танылған, ал соғыстан кейінгі бейбіт өмірде қайраткерлігімен дараланған қазақтың қаһарман қызы.

2008 жылы 21 мамырда Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды. Өжеттілігі мен ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.

Жеңістің 60 жылдық мерейтойы қарсаңында соғыс ардагері, ұшқыш қыз Хиуаз Доспановаға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілді. Атырау қаласында ескерткіш орнатылып, оның есімі бір көшеге берілген. Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Атырау халықаралық әуежайына аты аңызға айналған ұшқыштың есімі берілді.



Басты сөздер: Күнтізбе, Қазақстан тарихы,
Жоғары қарай