Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанның Жапониядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі жапон тілінің шешендік өнер сайысында қазылық етеді

2021 жылдың 5 қараша 2021 10:29

ТОКИО. ҚазАқпарат – Қазақстанның Жапониядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі Батырхан Құрмансейіт жыл сайын Жапонияның Сыртқы істер министрлігі мен Ғылым және білім министрлігінің бастамасымен өтетін Токиода аккредиттелген шетелдік дипломаттар арасындағы кезекті жапон тілінің шешендік өнер сайысы қазылар алқасының мүшелігіне шақырылды. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

2009 және 2011 жылдары аталған сайыста бірінші орынды иеленген алғашқы қазақстандық дипломат ретінде шараның ашылу салтанатында сайысқа қатысқан шетелдік дипломаттарға сәттілік тілеген Б.Құрмансейіт өз сөзінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын және келесі жылы Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толатынын атап өтті.





Сондай-ақ шара аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жапон тіліне аударылған «Абай» кітабы таныстырылып, қатысушылар мен көрермендерге сыйға тартылды.
Аталған айтулы сайыстың қазылар алқасына қазақ дипломатының шақырылуы ұйымдастырушылардың жалпы Қазақстанның Жапониядағы елшілігі мен қызметкерлерінің біліктілік деңгейін жоғары бағалайтынының айқын дәлелі болып отыр.
Жоғары қарай