Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның және Өзбекстанның пошта қызметтері жеткізілетін тауарлар көлемін ұлғайтады

2021 жылдың 22 сәуір 2021 17:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықаралық пошта жөнелтілімдерінің көлемі артады. Бұл туралы бүгін Ташкент қаласындағы кездесу барысында «Қазпошта» АҚ Басқармасының төрағасы Қанат Алпысбаев және «Узбекистон почтаси» АҚ бас директоры Алишер Файзуллаев өзара келісті.

Қос мемлекеттің ұлттық пошта қызметтері басшылары е-commerce саласын дамыту жолында халықаралық пошта алмасуды күшейтуге бағытталған құжатқа қол қойды. Қол жеткен келісім қазақстандық кәсіпкерлерге өткізу нарығын кеңейтуге және өздерінің тауарларын Өзбекстанға жеткізуді оң жолға қоюға мүмкіндік береді.

«Қазпошта» АҚ Өзбекстанның пошта қызметімен әріптестік аясын кеңейтіп отыр. Бұл нарықтың барлық қатысушыларына тиімді: өзбекстандық тұтынушылар біздің тауарларға қол жеткізсе, қазақстандық компаниялар электрондық сауда арқасында өткізу нарығын кеңейтеді. «Қазпошта» АҚ отандық кәсіпкерлерге көршілес мемлекетке тауардың ауқымды көлемін қысқа мерзімде жеткізуге қолдау көрсетеді. Осылайша Қазпошта бизнес-қауымдастық үшін сенімді серіктеске айналды және электрондық сауданы дамытуға қолғабыс етуде » , - деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев.

Биылғы 1 мамырдан бастап қос мемлекеттің пошта қызметтері пошта алмасу жиілігін аптасына 5 ретке дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бүгінде пошта жөнелтілімдері Қазақстаннан Өзбекстанға аптасына 3 рет әуе көлігімен және 2 рет жүр істі көлігімен жеткізіледі.

Өткен жылы Қазақстаннан Өзбекстанға 23 мыңға жуық сәлемдеме, хат және EMS жөнелтілімдер жеткізілген. Ал көрші мемлекеттен елімізге жол тартқан пошта алмасу көлемі 15 мыңнан артқан. Сонымен бірге біздің еліміз арқылы Қытайдан Өзбекстанға 300 мың кг жуық халықаралық пошта жөнелтілімдері жеткізілген.


Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай