Ауа райы
Нұр-Сұлтан 12 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Қазақстанның үш облысында дауыл соғады

2019 жылдың 5 наурыз 2019 19:06 612

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

6 наурыз күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Орал қаласында 6 наурыз күні тұман түсіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, жел оңтүстік-батыстан 17 м/с жылдамдықпен соғады.

Бұдан тыс, Қызылорда облысының кей жерлеріне 6-8 наурыз күндері тұман түседі.

6-7 наурыз күндері Атырау облысының кей жерлеріне тұман түсуі мүмкін.

Ақтөбе облысының кей жерлеріне тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын болады, оңтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ақтөбеде жел оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15 м/с-қа жетуі мүмкін, тұман түседі.

6-9 наурыз күндері Алматы облысында, Алматы қаласына жақын аумақтарда және Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күннің жылынуына байланысты қар еріп, сең жүруі мүмкін, өзендердегі су деңгейі көтерілуі ықтимал.

 

 

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай