Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның тағы үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 30 шілде 2020 21:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның тағы үш облысында ауа рйына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның деректеріне сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 31 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайып, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Нұр-Сұлтанда және Көкшетауда 31 шілде күні найзағай ойнайды.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл тұрады деген болжам бар. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан жел күші кей жерлерде секундына 15-20 метр болады, күндіз екпіні 25 метрге жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында таңертең және күндіз найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде түнде найзағай ойнап, тұман түседі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы, Қоғам,
Жоғары қарай