Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанның тағы 3 аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 31 шілде 2020 22:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның тағы 3 аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 1 тамыздаТүркістан облысының таулы аудандарында күндіз нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан қаласында және таңертеңнайзағай ойнап, дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95 %.

Шымкентте кей уақыттанайзағай ойнап, дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Қостанай облысында +35-38 градус аптап ыстық болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.

Батыс-Қазақстан облысыныңкей жерлерінде күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с болады. Оңтүстікте +37 градус аптап ыстық болады. Өңірдің басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90%.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай