Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қазақстанның солтүстігінде күн салқындайды

2020 жылдың 3 маусым 2020 15:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4-6 маусым күндері Қазақстанның солтүстігінде күн салқындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Скандинавия аудандарынан жылжыған антициклон республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарындағы ауа райына әсер етіп, өз кезегінде ол ауа температурасын төмендеді.

Бұл аймақтардың кей жерлерінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен бірге жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды.

Иран аумағынан келген жылы ауа массаларымен бірге еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік батысында ыстық әрі құрғақ күн райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл болады», - делінген хабарламада.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай