Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның опера әншісі балконнан ән шырқап, италиялықтарды тәнті етті

2020 жылдың 23 наурыз 2020 19:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Флоренцияда балконнан ән салған Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Анастасия Кожухарова италиялықтарды тәнті етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қымбатты достарым! Құттықтауларыңыз үшін барлығыңызға рахмет! Отанымнан, отбасымнан, достарымнан шалғайда жүрген мен үшін сіздердің құттықтауларыңыз болмаса, туған күнім кезекті күндердің бірі болар еді. Сондықтан бүгін балконға шығып, сіздер үшін сый жасадым. Ол - Ave Maria. Таң қаларлығы адамдар балконға шығып тыңдады. Сондықтан Тоски ариясын да орындадым. Сіздер үшін», - деп жазды опера әншісі Facebook парақшасында.



Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қоғам, Өнер,
Жоғары қарай