Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанның оңтүстігінде егін ору жұмыстары басталды

2020 жылдың 9 шілде 2020 18:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров биылғы егістік көлемі туралы есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы 22,5 млн гектарды құрады, бұл – өткен жылмен салыстырғанда 238 мың гектарға артық. Оның ішінде әртараптандыру мақсатында биыл жем-шөп дақылдар мен майлы дақылдар алқаптары ұлғайтылды. Коронавирус пандемиясы салдарынан шектеу шараларына қарамастан, шаруалар жеңілдетілген жанар-жағармай, сапалы тұқым, тыңайтқыштар және техникамен дер кезінде қамтылды», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Бүгінгі күні егіннің жағдайы облыстардың деректеріне сәйкес дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егістігінің жай-күйі 48% алқапта жақсы, 49% қанағатты және 3% нашар деп бағалануда. Бұл ретте егіннің жағдайы ауа райына тікелей байланысты.

«Еліміздің оңтүстік өңірлері жаңа егін жинауға кірісті. Мәселен, Жамбыл және Түркістан облыстарында күздік дәнді дақылдарды жинау жұмыстары жүргізілуде, 93 мың га бидай және 26 мың га арпа орылды. Орташа өнімділігі - 17,0 ц/га. Сондай-ақ картоп, көкөніс және бақша дақылдарын жиналып жатыр. Ал негізгі астық егетін облыстарда жаздық бидай егісінің түтікке шығу фазасына көшуі байқалады. Аталған облыстарда астық жинау тамыздың ортасынан басталады», - деді Айдарбек Сапаров.

Жоғары қарай