Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанның өңірлерінде күн күркіреп, бұршақ және нөсер жауын жауады

2022 жылдың 18 мамыр 2022 11:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 19-21 мамыр аралығында жауын жауып, қатты жел соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысында Солтүстік-батыс циклоны, оңтүстік өңірлерге Оңтүстік циклоны ауа райына ықпал етеді. Осыған байланысты еліміздің барлық аумағында жаңбыр жауады: 19-21 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 20-21 мамыр батыста, солтүстік-батыста толассыз жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады», - делінген синоптиктердің хабарламасында.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай