Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның көптеген өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 22 шілде 2020 19:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 23 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді

Нұр-Сұлтан қаласында да найзағай жарқылдап, ауа райы бұзылады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с күтіледі. Оңтүстікте қатты ыстық 36 градус күтіледі. Басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл сақталады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз оңтүстікте 40 градус қатты ыстық, кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 23 шілдеде кей уақытта найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 17 м/с күтіледі.

Қостанай облысында күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қостанай қ: таңертең және күндіз 23 шілдеде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстікте 38 градус қатты ыстық сақталады.

Атырау облысының батысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 18 м/с. Күндіз оңтүстікте 37 градусқа дейін қатты ыстық, басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қ.: күндіз 23 шілдеде қатты ыстық 35-37 градус күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 23 шілдеде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 80-100 %


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай