Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның кибершабуылмен күрестегі тәжірибесі халықаралық деңгейде жоғары бағаланды

2020 жылдың 16 қазан 2020 11:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік техникалық қызмет Cybersecurity Alliance for Mutual Progress (CAMP) өзара ілгерілеуге арналған киберқауіпсіздік альянсының жыл сайынғы конференциясында жүлделі орынға ие болды.

14-20 қыркүйек аралығында CAMP мүшелерінің жыл сайынғы бесінші конференциясы өтті. Онда қатысушы елдермен әріптестік шеңберінде ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Жиында сондай-ақ 2019-2020 жылдардағы ақпараттық қауіпсіздік инциденттерінің аса маңызды оқиғалары талданды. Биыл COVID-19 пандемиясына байланысты ұйымдастырушылар іс-шараны онлайн форматта өткізу туралы шешім қабылдады.

Альянстың әр қатысушысына өз елін таныстыруға және киберқауіпсіздік жағдайы туралы айтуға мүмкіндік берілді.

Қазақстан атынан мемлекеттік техникалық қызметтің департамент директоры Медет Ысқақов сөз сөйлеп, Қазақстанның пандемия кезеңінде кибершабуылға қарсы күрестегі тәжірибесін бөлісті.

Біздің спикердің сөзі CAMP қатысушы 47 елдің ішінде «Best Speaker» номинациясында үздік деп танылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстан CAMP ұйымдастыру комитетінің құрамына кіріп, ұйымдастыру комитетінің тізімін он елге дейін толықтырды.

CAMP (Cybersecurity Alliance for Mutual Progress) Оңтүстік Кореяда жұмыс істейді, оның құрамына 46 елден 60 ұйым кіреді.

Альянсты киберқауіптің алдын алу үшін жаһандық ұйымға айналдыру мақсатында CAMP мүшелері барған сайын күрделене түсетін және бүкіл әлем бойынша пайдаланушылар мен ұйымдарды көбірек қозғайтын киберқауіпсіздік мәселелері бойынша оқу бағдарламаларымен және ақпаратпен алмасу мүмкіндігіне ие.


Фото: businessfm.kz


Жоғары қарай