Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның халықаралық резервтері 94,1 млрд долларға жетті

2020 жылдың 10 қыркүйек 2020 11:23

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Қазақстанның халықаралық резервтері туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан халықаралық резервтері Ұлттық қор активтерін қосқанда тамыз соңында $94,1 млрд болған. Тамызда алтын валюталық резервтер $35,4 млрд жетті, бір айда $22 млнға артқанын байқаймыз», - деп хабарлады Ұлттық банк баспасөз қызметі Әлия Молдабековаға сілтеме жасап.

Ұлттық қордың валюталық активтері тамызда $0,44 млрд артып, $58,68 млрд-қа жетті.

«Әлемдік қор нарығындағы оң құбылыстар Ұлттық қор көлеміне де ықпал етті. Акциялардың 6,5%-ға өсуіне, облигация нарығындағы 0,34% өсімге байланысты $1 млрд көлемінде инвестициялық табыс келді. Валюталық түсімдер $112 млн-ға жетті», - деді ол.




Ұлттық қордан тамызда 287 млрд теңге көлемінде кепілдендірілген трансфертке ақша алынды.


Жоғары қарай