Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанның халықаралық резерві азайды

2022 жылдың 12 сәуір 2022 10:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлтық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов елдің халықаралық резервтері мен Ұлттық қор түсімдері туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы халықаралық резерв 31 наурызда 85,9 млрд долларды құрады. Ұлттық Банктің алтын-валюта активтері жыл басынан бері валюталық интервенциялар, екінші деңгейдегі банк шоттарындағы қалдықтардың және сыртқы борыш бойынша төлемдердің төмендеуі есебінен 1,2 млрд долларға төмендеп, 33,2 млрд долларды құрады», - деді Ғ. Пірматов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Ұлттық қордың активтері 52,7 млрд доллар болды. Республикалық бюджетке 1 трлн 36 млрд теңге трансферттер бөлу үшін биылғы бірінші тоқсанда

2,1 млрд долларға валюталық активтер сатылды.

«Мұнай бағасының айтарлықтай өсуінен Ұлттық қорға түсімдер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 есеге ұлғайып, жыл басынан бері 1 трлн 59 млрд теңгені құрады, оның ішінде валюталық түсімдер 1,9 млрд доллар немесе 845 млрд теңге болған. Ұлттық қордың кірістілігі құрылған сәттен 31 наурызға дейін жылдық көрсеткіште 3,45% болады. Соңғы 5 және 10 жылдағы кірістілік жылдық көрсеткіште тиісінше 3,41% және 2,09% болды», - деп түсіндірді Ғ. Пірматов.

Бұған дейін Ұлттық банк басшысы теңге бағамы наурыздағы құбылмалықтан кейін нығайып жатқанын айтқан еді.

Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі теріс көрсеткішке ауысты және жыл бойы сыртқы инфляциялық жағдай да қолайсыз болады.


Жоғары қарай