Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның халықаралық резерві 92 млрд долларға жуықтады

2021 жылдың 12 мамыр 2021 10:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның халықаралық резерві 92 млрд долларға жуықтады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алтын-валюта резерві осы жылғы сәуірдің аяғында бір айда 689 млн АҚШ долларына ұлғайып, 34,2 млрд АҚШ долларын құрады. Бағаның бір унция үшін 1 685 АҚШ долларынан 1769 АҚШ долларына дейін 5 пайызға қалпына келуі аясында алтын портфелінің 1,3 млрд АҚШ долларына өсуі еркін конвертацияланатын валютадағы активтердің төмендеуін өтеді. Биылғы мамырда алтын бағасы өсуін жалғастыра отырып, 11 мамырға бір унциясына 1 841 АҚШ долларын құрады», - деді ол.

Ұлттық банк төрағасының атап өтуінше, еркін конвертацияланатын валютадағы активтер биылғы жылғы сәуірде 635 млн АҚШ долларына, оның ішінде клиенттердің Ұлттық банктегі депозиттері көлемінің 472 млн АҚШ долларына төмендеуі және 88 млн АҚШ долларына мемлекеттік қарызды төлеуі есебінен кеміді.

«Осылайша, жалпы халықаралық резервтер биылғы жылғы сәуірде 1,2 млрд АҚШ долларына артып, 91,8 млрд АҚШ долларын құрады», - деді Ерболат Досаев.


Жоғары қарай