Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның энергетикалық кәсіпорындарына 200-ден астам тексеру жүргізілді

2020 жылдың 19 қазан 2020 22:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның энергетикалық кәсіпорындарына 200-ден астам тексеру жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменттері электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуына жоспардан тыс 220 тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысында 126 нұсқама шығарылды. Нұсқамалардың орындалуы аумақтық департаменттердің бақылауында», - делінген аталған министрлік таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысында - 32-ден, Павлодар облысында - 29, ал Қызылорда облысында - 24 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижелері бойынша жалпы сомасы 26 млн 37 мың теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салынды. Оның 23 млн 251 мың теңгесі мемлекет кірісіне өндірілді. Бақылау шаралары жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, есепті кезеңде еліміздің энергетикалық кәсіпорындарында 3 610 технологиялық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 3 апат, І-дәрежелі 27 істен шығу және ІІ-дәрежелі 3 580 істен шығу болды.

«Комитеттің аумақтық департаменттеріне 698 өтініш, оның ішінде жеке тұлғалардан 373, заңды тұлғалардан 325 өтініш келіп түсті. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің жалпы саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2 пайызға төмендеді», - деді министрліктен.


Жоғары қарай