Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанның Елшісі Сербияның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

2019 жылдың 25 қазан 2019 22:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сербия Сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичке сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

Екіжақты кездесу аясында Ғ.Сыздықбеков Сербия Президентіне қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай жөнінде, сондай-ақ қыркүйек айындағы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында белгіленгендей елді одан әрі реформалау және қазақстандық қоғамды дамыту жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.

Сұхбаттасу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша, бірінші кезекте, өзара сауда және инвестициялар, құрылыс және инфрақұрылым салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті талқыланды.

Сонымен қатар, экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты Үкіметаралық комиссияның тиімділігін арттырудың ерекше маңызы аталып өтілді. Мәдени-гуманитарлық салада жоғары және кәсіби білім беру мекемелері арасында тығыз ынтымақтастық орнату, спорт және шығармашылық ұжымдарының өзара сапарларын ұйымдастыру және басқа да салалардағы өзара тиімді байланыстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстан елшісі ЕАЭО мемлекеттері мен Сербия арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімнің Қазақстан мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты екіжақты және көпжақты түрде жандандыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сербия Президенті екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейін тілге тиек ете отырып, екі ел арасындағы дәстүрлі достық байланыстарды одан әрі нығайту мен дамытуға, және де жоғары деңгейдегі өзара сапарлар ұйымдастыруға дайындығын жеткізді.

Жүздесу соңында А.Вучич Қазақстан Елшісінің жұмысына сәттілік тіледі.







Жоғары қарай