Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның екі облысында 1-3 градус үсік жүреді

2020 жылдың 19 қыркүйек 2020 00:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек елдің батысында циклон әсер етіп жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғып, солтүстік пен оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ жауы ықтимал.

Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының басым бөлігінде жел 15-23 м/с жылдамдықпен соғады.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл болады.

Түнде Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіпі сақталады.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай