Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты артты

2021 жылдың 14 маусым 2021 02:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы қаңтар-сәуір аралығында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорты 28,6% артты. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен 2021 жылғы қаңтар-сәуірдегі өзара саудасы 7100,4 млн АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда номиналды мәнде 19,8% артты. Соның ішінде экспорт – 2189,7 млн АҚШ долларды (28,6% көп), импорт – 4910,7 млн АҚШ долларды (16,3% көп) құрады.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде:

- Ресей Федерациясына – 92,9%,

- Қырғызстан Республикасына – 3,6%,

- Беларусь Республикасына – 3,4%,

- Армения Республикасына – 0,1% келеді.

Жоғары қарай