Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 11%-ға артты

2022 жылдың 12 мамыр 2022 18:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың қаңтар-наурызында Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен тауар айналымы $5 693,6 млн құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 11%-ға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдың бірінші тоқсанында тауар экспорты $1 743,8 млн (9,3%–ға артық), импорт - $3 949,8 млн (11,8%-ға артық) деңгейінде қалыптасты. Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей үлкен үлеске ие – 93,3%, одан кейін Қырғызстан – 3,6%, Беларусь – 3% және Армения – 0,1%.

Сонымен қатар, Ұлттық статистика бюросы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ЕАЭО елдерімен экспорттың ең көп өсімі химия өнімдері және онымен байланысты өнеркәсіп салалары бойынша, оның ішінде жасанды корунд (алюминий оксиді, алюминий гидроксиді) бойынша – үш есе өскені байқалады. Импорт бойынша мал және өсімдік өнімдері, дайын азық–түлік тауарлары, оның ішінде бидай мен зәйтүн бойынша (4,3 есе) көп өсім болған.


Жоғары қарай