Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы жанданды

2021 жылдың 14 мамыр 2021 09:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы осы жылдың 3 айында 13,2 пайызға ұлғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен қаңтар-наурыздағы өзара саудасы 5191,5 млн АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда номиналды мәнде 13,2 пайызға ұлғайды. Оның ішінде экспорт – 1532,3 млн АҚШ доллары (16,8 пайызға көп), импорт – 3659,2 млн АҚШ доллары (11,8 пайызға көп)» делінген ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,9, Қырғызстан Республикасына – 3,6, Беларусь Республикасына – 3,4, Армения Республикасына 0,1 пайыз тиесілі.


Жоғары қарай