Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның денуклеаризациядағы тәжірибесі Корей түбегінде бейбітшілік орнатуға көмектеседі

2020 жылдың 25 қараша 2020 23:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы Корея Республикасының елшілігі «Корей түбегіндегі қауіпсіздік жағдайы және Қазақстанның денуклеаризация саласындағы тәжірибесі» тақырыбында онлайн вебинар өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-сок алғысөзінде ядролық қарусыздану жөніндегі соңғы келіссөздер мен Солтүстік және Оңтүстік Корея қарым-қатынасының белгілі бір қиындықтарға тап болғанына қарамастан, Корея Республикасы Үкіметінің Солтүстік Кореяға үздіксіз қызығушылық таныту арқылы ядролық қарусыздануға және Корей түбегіндегі тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге болатынына сенім білдіретінін және Корей түбегіндегі бейбітшілік саясатын жүзеге асыруға тырысатынын жеткізді.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев келесі жылдың тамыз айында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлығының қабылданғанына 30 жыл толатынын атап өтті. Осылайша, Қазақстанның ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарту үлгісі Корей түбегін денуклеаризациялау стратегиясына елеулі үлес қоса алады.

Сонымен бірге Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) директоры Ержан Салтыбаев бейнебайланыс арқылы сөз сөйледі және Корей түбегіндегі жағдайдың халықаралық қауіпсіздіктің маңызды мәселелерінің бірі екенін, Қазақстанның денуклеаризациядағы тәжірибесі Корей түбегіндегі бейбітшілікке қол жеткізуде пайдалы болуы мүмкін екенін жеткізді.

Аталған онлайн вебинарға шетелдік дипломатиялық өкілдіктерден және ғылыми және академиялық топтардан 70 адам қатысты.


Жоғары қарай