Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның дайын тауарлары сыртқы нарықта сұранысқа ие – Асқар Мамин

2021 жылдың 18 қараша 2021 13:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның дайын тауарлары сыртқы нарықта сұранысқа ие. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 10 айының көрсеткіштері бойынша еліміздің экономикасында 3,5 пайыз өсім тіркелген. Оның ішінде негізгі драйверлер өңдеу өнеркәсібі 5,3, құрылыс саласы 7,6 пайыз өсті. Шетелдік инвестициялар 30,4 пайыз артты. Тау-кен саласын ескермегенде негізгі капиталға салынған инвестициялар 14 пайызға артты. Ал былтыр осы салалар бойынша өңдеу өнеркәсібі 4 пайызға өсті. Құрылыс саласы 11,6 пайызға ұлғайды. Яғни, былтыр да осы салаларда жоғары өсім болған», - деді Үкімет басшысы сенаторлардың сауалына орай.

Оның атап өтуінше, шынайы сектор ұлттық экономика тұрақтылығының, бәсекеге қабілетінің факторына айналған.

«Биыл өңделген тауар экспорты 25,5 пайызға өсті. Яғни, бұл тауарларымыздың сыртқы нарықта сұранысқа ие екендігін білдіреді. Жалпы, биыл экспорт 20 пайызға артып отыр. Демек, барлық оң динамика, қалпына келу динамикасы анық көрініп тұр. Экономиканың қалпына келу қарқынын барлық халықаралық қаржы институты мойындап отыр. Өткен жылы бірде-біррейтингтік агенттік бізге кредиттік рейтингті төмендеткен емес. Керісінше, кейбір көрсеткіштер бойынша өсім болды. Күні кеше ғана Халықаралық валюта қорының миссиясымен кездестім. Олар биыл біздегі өсім 3,8 пайыздық деңгейде болатындығын болжайды. Ал толықтай алғанда, өзге халықаралық қаржы институттарының болжамы 3,8-4 пайыз деңгейінде болып отыр. Келер жылы экономика өсімі 4,5 пайызға дейін жететіндігі жайында болжам бар», - деді Асқар Мамин.


Жоғары қарай