Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылдың 19 қараша 2021 19:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 20 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде тұман сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде өңірдің оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының батысында тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан, жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады

Ақмола облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында және солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай