Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 4 маусым 2020 14:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 5 маусым күні түнде Ақмола облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді деген болжам бар. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 80-90 %.

Алматы облысының солтүстік-шығысында түнде 6-7 маусымда топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүруі мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде 5 маусым күні түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүруі ықтимал. Сондай-ақ облыстың кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с болады. Түнде кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағандыда солтүстік-шығыстан жел соғып, түнде екпіні 15 м/с болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 80-85 %.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 5 маусымда түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Петропавлда да топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүруі ықтимал. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 80-90%.

Қостанай облысыныңкей жерлерінде түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай