Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 15 сәуір 2020 18:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстаның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында 16 сәуір күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғып, жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел еседі. Ақтауда күндіз шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыстан ескен желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.

Ақтөбе облысы мен Ақтөбеде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90 %.

Атырау облысында оңтүстіктен соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90 %.

Жамбыл облысында 16 сәуір түнде, 17 сәуір күні солтүстік және таулы аудандарда күн суытады, 1 градус аяз болады. 16 сәуір күні найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал. Кей жерлерге тұман түседі. Таразда 16 сәуірде тұман түседі. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.

16 сәуірде Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15 м/с болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90 %.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады деген божам бар.

Қостанайда оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с болады.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай