Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 15 наурыз 2020 19:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы 2020 жылдың 15-ші наурызы сағат 21-00-ден бастап, 16 наурыз сағат 21-00 аралығындағы ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республикалық мемлекеттік кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, аталған уақыт аралығында Нұр-Сұлтан қаласында тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 80-85 %.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады. Түнде желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.

Көкшетауда оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с-қа жетуі мүмкін. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90 %.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Петропавлда түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метр болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с болады, екпіні 23-28 м/с. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.


Жоғары қарай