Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанның бірінші кезекте қай елдермен әуе қатынасын ашатыны белгілі болды

2020 жылдың 29 мамыр 2020 15:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев халықаралық әуе рейстерін жандандыруға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында Сыртқы істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне бірлесе отырып, бірнеше халықаралық әуе бағыттарын қайта ашу бойынша жұмыс жүргізуге тапсырма берілді. Соның ішінде бірінші кезеңде COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайының классификациялық деңгейіне сәйкес, Оңтүстік Корея, Қытай және Әзербайжан кірді. Біз аталған мемлекеттердің авиациялық басқармаларымен әуе рейстерін жандандыру мүмкіндігін енді пысықтауды бастап жатырмыз», - деді Т. Ластаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, екінші кезеңде эпидемиологиялық қауіпсіздік деңгейіне байланысты Түркия, БАӘ, Германия, Таиланд және Чехия қарастырылады.

«Атап өтер жайт, бұл рейстер ертеңнен бастап ашылмайды. Олар эпидемиологиялық жағдайға байланысты және барлық инстанциялармен келісу дәрежесіне қарай жанданады. Рейстердің нақты ашылуы күні туралы қосымша хабарлаймыз», - деді Талғат Ластаев.


Жоғары қарай