Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді

2019 жылдың 15 желтоқсан 2019 05:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт – 15 желтоқсан күні еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, жауын-шашынның түсуі тоқтайды. Құбылмалы күн райы шығыста және оңтүстік-шығыста сақталып, қар жауатыны болжанады. Оңтүстік-шығыста түнде қар молынан түседі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде Алматы облысында, күндіз Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с артады.

Манғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Манғыстау облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерін тұман басып, жаяу бұрқасын жүреді.

Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай