Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның барлық аудандарында сервистік әкімдік ашылады - агенттік

2020 жылдың 20 қараша 2020 13:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл соңына дейін Қазақстандағы барлық аудандарда сервистік әкімдіктер ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттыру, сондай-ақ ел Президенті бастамашылық еткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Adaldyq alańy» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы аясында мемлекеттік органдарды трансформациялауды жүргізіп, олардың жұмысын сервистік үлгіге көшіруде.

«Adaldyq alańy» жобасының негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік органдар жұмысының тұтынушыға бағдарланған үлгісіне көшу арқылы халық үшін мемлекеттік қызметшілердің ашықтығы мен қолжетімділік қағидаттарын қамтамасыз ету болып табылады.

Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлының айтуынша, бұл қызметтің нәтижесі – барлық өңірлерде ашылатын сервистік әкімдіктер болып отыр.

Бүгінгі таңда ел бойынша аудандық және қалалық әкімдіктердің 163-і немесе 76% - ы сервистік жұмыс форматына көшті. Ауыл және кент әкімдіктерінің 98% - ында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылған. Барлық мемлекеттік органдардың қызметін олардың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру арқылы трансформациялау бойынша ауқымды шаралар қабылдануда.

«Ашықтықты қамтудың айқын көрінісі – 2 мыңнан астам мемлекеттік мекеменің open space/фронт-офистер форматына көшуі болды. 5 мыңға жуықмемлекеттік орган мен мекемелердің басшылары азаматтармен жедел қарым-қатынас жасау үшін бірінші қабаттарға көшірілді», – деді Ғ. Асанұлы.

Мұндай жұмыс форматы, ең алдымен, әртүрлі әкімшілік кедергілерді жойып, азаматтарға ыңғайлы жағдайда жедел қызмет көрсетуге арналған. Мемлекеттік аппарат жұмысының ашықтығы мен айқындығы дәрежесінің өсуін – халықтың сенімін арттырудың маңызды факторларының біріретінде қарастыруға болады.

«Қызмет көрсетудің сервистік моделін енгізу барысында қамтамасыз етілген ашықтық пен тұтынушыға бағдарлану – бұл кері байланыс, қоғам мен мемлекеттің тұрақты өзара байланысы мен өзара іс-қимылы тетіктері жұмысының негізі. Біз білетіндей, сыбайлас жемқорлық ашықтық пен ашықтық пен есеп берушіліктен қорқады»,-дейді спикер.


Жоғары қарай