Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылдың 25 шілде 2021 23:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

26 шілде күндіз Алматы облысында 35-39 градус аптап ыстық болады. Кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

26 шілдеде Қарағанды облысында солтүстіктен күшті жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерінде найзағай, 35 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

26 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Күндіз 26 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде шанды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

26 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

26 шілдеде Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

26 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

26 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с.

26 шілдеде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде күндіз 40-43 градус қатты ыстық сақталады. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында 26 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай