Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылдың 22 сәуір 2021 22:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпрат – Қазгидромет Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байанысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

23-24 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, 23 сәуірде күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде жылдамдығы15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі.

23 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Атырау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

23-25 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. 23-25 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 23-24 сәуірде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде 23-24 сәуірде кей жерлерде 3 градус үсік сақталады.

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай