Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 19 маусым 2020 19:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19 маусымда Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

20 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с-қа жетеді. Өскемен және Семей қаласында найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші 18 м/с-ке жетуі ықтимал. Семей қаласында күн күркірейді.

20 маусым күндіз Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде 35-38 градус қатты ыстық болады.

20 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 2 градус болуы ықтимал.

20 маусым күні түнде Ақмола облысының кей жерлерінде 2 градус суық болады. Түнде және таңертен кей жерлерге тұман түседі.

20 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді. Түркістан қаласында жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.

20 маусымда Шымкент қаласында шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

20 маусымда Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ке жетеді. Шаңды дауыл болады.

20 маусым күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел есіп, оның күші кей жерлерде 18 м/с болуы мүмкін. Кей жерлерде және Ақтау қаласында 40 градус аптап ыстық болады. Ескертудің ықтималдығы 85-100 %.

20 маусым күндіз Атырау облысының кей жерлерінде және Атырау қаласында 35-37 градус қатты ыстық болады. Өрт тұтану қаупі бар. Ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жоғары қарай