Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанның 5 боксшы қызы Әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

2022 жылдың 17 мамыр 2022 00:09

ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 5 қазақстандық боксшы жартылай финалда бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемппионатында бес қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты. Олар: Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Валентина Хальзова (70 келі) бар.

Ал Гүлсая Ержан (81 келі) ширек финалдағы жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберіп, жартылай финал жолдамасынан тыс қалды.

Сондай-ақ одан бұрын Назым Қызайбай (50 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Надежда Рябец (75 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) жарыс жолынан шыққан еді.

Дүбірлі дода 20 мамырда мәресіне жетеді. Қазақстан аумағында тікелей көрсетілімді «Qazsport» телеарнасы қамтамасыз етіп отыр.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Қоғам, Спорт, Бокс,
Жоғары қарай