Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 22:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, желтоқсанның 2-5 аралығында Жамбыл облысының кей жерлерінде жауын, қар жауады. 3-5 желтоқсан күндері кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Таразда 3-5 желтоқсан аралығында кей уақытта тұман түсіп, 4-5 желтоқсан аралығында кей уақытта көктайғақ болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95 %.

Қарағанды облысының кей жерлерінде 3-5 желтоқсан аралығында тұман, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 70-75%.

Маңғыстау облысының солтүстігінде 3 желтоқсан күні түнде 20°С аяз болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай