Қазақстанның 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 3 қаңтар күнгі ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
3 қаңтарда Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Өскемен қаласында 2-дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілуде.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.