Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Қазақстанның 13 өңірінде 370 медициналық қызметкер COVID-19 жұқтырған

2020 жылдың 15 сәуір 2020 21:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус инфекцисын жұқтырған медициналық мамандар арасында медбикелер көш бастап тұр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инфекция жұқтырған медициналық қызметкерлер арасында ауыр халде жатқандар жоқ. Қазіргі уақытта Қазақстанның 13 өңірінде 370 медициналық қызметкердің коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелді. Әсіресе, Алматы қаласында - 197, Нұр-Сұлтан - 92, СҚО - 15, Атырау облысында - 17 медициналық қызметкер ауру жұқтырған», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 28 пайызы - дәрігерлер, 48 пайызы - медбикелер және 23 пайызы - кіші медициналық қызметкерлер.


Жоғары қарай