Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның 12 облысында коронавирус жұқтыру деңгейі қайта өсіп барады

2020 жылдың 21 қазан 2020 16:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның 12 облысында коронавирус жұқтыру деңгейі қайта өсіп барады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға талдау жасай отырып, соңғы аптада алдыңға аптадан қарағанда ауру жұқтыру деңгейі 1,2 есе артқанын атап өтеміз. Ауру жұқтыру деңгейі республиканың 12 өңірінде байқалады», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысы сонымен бірге оқушылардың коронавирус жұқтыру жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп келе жатқанын атап өтті.

«Оқу жылы басталғалы бері оқушылардың арасында 250 бала коронавирус инфекциясын жұқтырып алды. Олардың ішінде кезекші сыныпта оқитын балалардың саны – 105 жағдай. Осы балалармен қарым-қатынаста болған 1426 адам анықталды. Сол адамдардың ішінде 19 кісінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды», - деді ол.

Айжан Есмағамбетова қашықтан оқып жатқан оқушылардың ішінде де вирус жұқтырғандары тіркелгенін мәлім етті.

«Бұл бағытта жұқтырудың 145 жағдайы тіркелді. Олармен байланыста болған 348 адам анықталып, соның ішінде коронавирус жұқтырған 22 адам белгілі болды», - деді ол.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Коронавирус, Медицина,
Жоғары қарай