Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның 10 облысында суицидтің алдын алу бойынша әдістемелер енгізілуде

2020 жылдың 20 қыркүйек 2020 13:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Білім министрлігі балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күрестің бірыңғай әдістемесін әзірлемек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін Балалардың құқықтарын қорғау бойынша республикалық кеңесті төрағасы Динара Закиеваның Facebook парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде Кеңес балалар мен отбасылық - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және қорғау жөніндегі заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша мәжіліс тобында жұмыс істейді. Біз ұрып-соғу, азаптау, зорлық-зомбылық бойынша жазаны қатаңдатудан бастап, жетім балалардың тұрғын үй алу мәселелеріне дейін ұсыныстарымызды енгіздік»,-дейді республикалық кеңес төрағасы.

Оның сөзінше, қазір мемлекеттік органдардың осы ұсыныстарды қолдап, келісуі маңызды. Білім министрлігі партияның ақпан айындағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, зорлық-зомбылықты анықтау үшін мектептерде бірыңғай әдістеме әзірлемек.

«Айта кетерлік жәйт, Кеңестің жұмыс тобы іс-сапармен 220 елдімекенді, оның ішінде ең шалғай ауылдарды аралап шықты. Отбасы және балалар мәселелері бойынша жергілікті қызметтердің қалай жұмыс істейтініне, мекемелердің жағдайына талдау жасады. 6 ақпанда өңірлердегі жұмыс қорытындысы бойынша кеңес алаңында балалар үйлеріндегі, мектептердегі, интернаттардағы, медициналық - әлеуметтік мекемелердегі жағдайлардан бастап, зорлық-зомбылық пен суицидке дейін барлық мәсе талқыланды. Қазіргі уақытта интернаттарда, мектептерде (су, кәріз жоқ жерлерде) жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Медициналық-әлеуметтік мекемелердегі Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен қызметкерлер үшін оқыту ұйымдастырылады. Суицидтің алдын алу мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуде»,-деп жазды. Д.Закиева,

Ол келтірген деректерге қарағанда, 10 облыста суицидтің алдын алу мәселесі бойынша жүйелі тәсілдер мен әдістемелерді енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде ( 5 облыста қазірдің өзінде бар).


Жоғары қарай