Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанға шетелден бір тәулікте 1 мыңға жуық адам ұшып келді

2020 жылдың 3 желтоқсан 2020 10:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2 желтоқсан күні Қазақстан Республикасына Германия, Нидерланды, Корея, Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей және Беларусьтан 13 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратына сәйкес, барлығы 992 жолаушы ұшып келген. Олардың 845-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Анықтамасыз 147 адам келді, барлығы ҚР азаматтары.

Оның ішінде:

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 6 рейс, барлығы 449 жолаушы, анықтамамен - 324, анықтамасыз - 125;

- Алматы қаласының әуежайына - 4 рейс, 412 жолаушы, анықтамамен - 392, анықтамасыз - 20;

- Орал қаласының әуежайына - 2 рейс, 40 жолаушы, анықтамамен - 39, анықтамасыз - 1;

- Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, 91 жолаушы, анықтамамен - 90, анықтамасыз – 1.

«Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. 147 азаматтың барлығында тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті», - делінген мәліметте.


Жоғары қарай