Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қазақстанға коронавирусты анықтауға арналған 250 мың тест жеткізіледі

2020 жылдың 23 наурыз 2020 16:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанға коронавирусты анықтауға арналған 250 мың тест жеткізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы ақпаратты бір орталықтан таратуды тапсырды. Бұл жұмысқа жауапты болып біздің министрлік бекітілді. Сондықтан алдағы уақытта біз сіздерге мемлекеттік комиссия, Үкімет, орталық мемлекеттік органдар атқарып жатқан шаралар туралы тұрақты түрде хабарлап отырамыз. Бірақ, бұл журналистердің жергілікті атқарушы органдармен қалыптасқан жұмысына кедергі келтірмейді. Денсаулық сақтау басқармалары қажетті болған кезде сіздермен бұрынғыдай байланысты болады», - деді министр.

Оның дерегінше, бүгінде елімізде коронавирус жұқтырудың 62 жағдайы тіркелген.

«Бүгінде елімізде 60 мың тест бар. Таяу күндері біздің қолымызға тағы да 150 мың тест түседі. Келісімшарт жасасу кезеңінде тұр. Тағы да 100 мың тест демеушілердің қаражаты есебінен сатып алынады. Халық үшін тест тегін жүргізіледі»,- деді Дәурен Абаев.



Жоғары қарай