Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанға келетін шетел азаматтарына қандай талап қойылады

2020 жылдың 14 тамыз 2020 14:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанға келетін шетел азаматтарына қандай талаптар қойылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында шетелмен әуе байланысын жандандыру комиссияда міндетті түрде қаралатынын жеткізді. Сәйкесінше, шетел азаматтарының келуіне рұқсат берудің тиісті өлшемдері дайындалған. Осы орайда үш өлшем ескерілген.

«Біріншіден, эпидемиологиялық жағдай (жолаушы келетін мемлекетте) бізге қарағанда жақсы болса. Қазақстанда Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы бар. Олар күн сайын еліміздегі жағдайды, сондай-ақ тікелей халықаралық байланыс бар басқа да мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізеді. Егер де осы елдерде коронавирусқа шалдығу бойынша эпидемиологиялық жағдай бірқатар көрсеткіштермен сипатталса, онда бұл мемлекеттерден ұшып келген жолаушылар елімізге қандай да бір шектеусіз кіреді.

Екіншіден, эпидемиологиялық жағдай біздің еліміз деңгейінде, яғни ауруға шалдығу немесе басқа көрсеткіштер бойынша Қазақстандағы жағдаймен бірдей болса, онда елге келетін адам теріс анализ жөнінде ПТР-анықтаманы ұсынуы керек. Анықтама мерзімі 5 күннен аспауы тиіс. Егер осы анықтама болмаса, бұл жолаушының мәліметтері мобильді қосымшаға енгізіледі. Сонымен қатар жолаушы екі тәулік ішінде ел ішінде ПТР-тестіден өтетіндігі туралы қолхатқа қол қояды немесе 14 күн бойы үй карантинінде отырады.

Үшінші топқа біздің елге қарағанда эпидемиологиялық жағдайы нашар мемлекеттер еніп отыр. Онда осы елдермен әуе байланысына тыйым салынады», - деді А. Есмағамбетов.

Айтат кетейік, Қазақстан 17 тамыздан бастап 7 елмен халықаралық әуе рейстерін кезең-кезеңімен қайта іске қосады.


Жоғары қарай