Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанға әуе рейсімен келген үш жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды

2021 жылдың 21 қаңтар 2021 12:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанға анықтамасыз келген үш жолаушыдан ПТР-талдау нәтижелері бойынша коронавирустық инфекция анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

2021 жылғы 20 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Нидерланды, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.
1270 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1012 адам, анықтамасыз 258 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 600 жолаушы, анықтамамен - 577, анықтамасыз - 23;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 483 жолаушы, анықтамамен - 249; анықтамасыз - 234;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 127 жолаушы анықтамамен;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 59 жолаушы, анықтамамен - 58; анықтамасыз – 1.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 19 қаңтарында анықтамасыз келген 202 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша үш жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде бір жолаушы Шарм-эль-Шейх – Қостанай рейсімен, тағы бір жолаушы Дубай – Алматы, үшінші жолаушы Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.


Жоғары қарай