Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстандықтарға шілдеде азық-түлік пен қажеттіліктер үшін 5,4 млрд теңге аударылды

2020 жылдың 6 тамыз 2020 14:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың шілде айында 1 млн-ға жуық қазақстандық жалпы сомасы 5,4 млрд теңгеге азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін төлем алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, ә леуметтік қолдаудың бұл түрімен 1,1 млн адамды қамту жоспарланып отыр .

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша төтенше жағдай режимі мен коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі карантиндік шаралар кезеңінде азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында азық-түлік және тұрмыстық жиынтық алушылардың тізімі кеңейтілді. Азаматтардың қарым-қатынас жасауын азайту және COVID-19 таралуын болдырмау үшін жиынтықтар балама ақшалай төлемдермен алмастырылды.

Келесі 5 әлеуметтік топқа жататын азаматтар төлем алушылар болып табылады:

- атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы, оның ішінде көпбалалы отбасылардағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;

- медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

- медициналық, әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;

- мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдар;

- жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.

Көмектің осы түрін алушылардың тізімдерін жергілікті атқарушы органдар қалыптастырады.

Ағымдағы жылғы наурыз-мамыр айлары аралығында мөлшері 13,5 млрд теңге болатын бұл төлемдер жалпы сомасы 1 млн адамға есептелді.

Естеріңізге сала кетейік, 14 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қазақстандықтарға ағымдағы жылдың шілде айында азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін ақшалай қаражат төлеуді бастауды тапсырған болатын.


Жоғары қарай